Сақтандыру компанияларының активтері 13%-ға артты

439

Өткен жылдың қорытындысы бойынша сақтандыру нарығында оң динамика байқалып отыр.  

Сақтандыру компанияларының активтері 13%-ға артты Фото: dknews.kz

Сақтандыру ұйымдары активтерінің көлемі 2 трлн 67 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының активтері 2 трлн 67 млрд теңгені құрап, бір жылда 13 пайызға өсті. Бұл сақтандыру сыйлықақыларының өсуі мен инвестициялау есебінен болды. Бүгінде сақтандыру нарығының міндеттемесі 1 трлн 291 млрд теңгені құрап, жыл басынан бері 18,8 пайызға артты. Бұл негізінен сақтандыру резервтерінің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Сақтандыру резервтері – 1 трлн 99 млрд теңге", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Мария Хаджиеваның сөзінше, жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру бойынша жасасқан шарттарының саны 945 505 шартты құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,9%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу