Сақтандыру компанияларының табысы 11,4 млрд теңге болды

777

Бұл салық төлегеннен кейін тіркелген көрсеткіш.

Сақтандыру компанияларының табысы 11,4 млрд теңге болды

Сақтандыру компанияларының табысы 11,4 млрд теңге болды. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады.

Елімізде 27 сәуірден бастап карантин шаралары қысқартыла бастады, тек Шымкент қаласында шектеулер 1 мамырда азайтылған болатын. Осы күнге дейін өз жұмысына өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс және жол салумен айналысатын компаниялар, көлікке қызмету көрсету саласы, банктер мен қаржы секторының ұйымдары кірісіп кетті. 

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында сақтандыру секторы да бұрынғы режиміне оралды. ҚР премьер-министрінің сайтында сақтандырушылар 4 мамырдан бастап қызметіне кіріседі деп жарияланды. 

Еске сала кетсек, карантинге дейін, яғни қаңтар және ақпан айларында сақтандыру компанияларының табысы корпоративті кіріс салығын төлегенге дейін 13,1 млрд теңге болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3,2%-ға артық. Биылғы табыс өткен жылғымен салыстырғанда 34,1%-ға өсіп, 76,5 млрд теңгеге жеткен. Ал шығын көлемі 42,9%-ға артып, 63,4 млрд болды.

2020 жылдың алғашқы екі айында сақтандыру компанияларының корпоративті табыс салығының мөлшері 1,8 млрд теңгеге дейін төмендеген. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 21,6%-ға кем. Яғни мұндай компаниялардың таза табысы салық төлегеннен кейін, былтырғы межеден 8,5%-ға өсіп, 11,4 млрд теңгеге дейін жеткен.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу