Сақтандыру компанияларының таза табысы 100 млрд теңгеден асты

908

Аталған сектордағы мекемелердің кірісі 25%-ға, шығыны 17%-ға артты.

Сақтандыру компанияларының таза табысы 100 млрд теңгеден асты

2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде сақтандыру компанияларының кірісі 428,6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,6%-ға жоғары. Саладағы көрсеткіштер төрт жыл қатарынан өсіп келеді, деп хабарлады finprom.kz. 

Сектордағы кірістердің басым бөлігі сақтандыру қызметіне тиесілі. Оның көлемі 322,1 млрд теңгеге тең. 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 13,6%-ға жоғары. Одан кейінгі орында 104,8 млрд теңге көрсеткішімен инвестициялық саладан түскен қаржы. Бұл да өткен жылмен салыстырғанда 81,2%-ға жоғары. 

Алайда сақтандыру компанияларының шығыны да жылдан жылға артып келеді. Биыл оның көлемі 17,3%-ға немесе ақшаға шаққанда  317,9 млрд теңгеге жетті. 
Нәтижесінде 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде сақтандыру компанияларының табысы 110,7 млрд теңгені құрады. Бұл – 2015 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш. Сектордың табысы бір жылда 51,9%-ға артқан. 

Ал корпоративтік табыс салығының көлемі бір жылда 8%-ға немесе 8,7 млрд теңгеге өсті. Осылайша салық төлегеннен кейінгі компаниялардың таза табысы 102 млрд теңгені құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу