Сақтандыру полисін делдалдан емес, ХҚО-дан алуға болады

738

Автокөлікті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) сақтандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр.  

Сақтандыру полисін делдалдан емес, ХҚО-дан алуға болады

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, өткен айда қанатқақты жоба ретінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында автокөлікті сақтандыру қызметі іске қосылды. Бұл бастама көлік жүргізушілеріне автокөлікті қайта тіркеу барысында сақтандыру полисін сатып алу мүмкіндігін берді және оларды басқа қызмет көрсету терезелеріне кезекке тұрудан, сақтандыру полисін делдалдардан сатып алудан босатты. 

"Пилоттық жоба жүзеге сәтті асырылатын болса, біз еліміздің басқа мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына да автокөлікті сақтандыру қызметін енгіземіз", – деді Сүйеніш Әбділдин.

Оның дерегінше, күні бүгінге дейін 300-ден астам азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарты жасалды.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу