Сақтандыру сыйақысы 3,3 пайызға өскен

1258

Сақтандыру сыйақысы 3,3 пайызға өскен

Бірінші жартыжылдықта сақтандыру сыйақысы 3,3%-ға өсті. Дәлірек айтқанда, сақтандырудан түскен табыс 204 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Коммеск өмір компаниясы хабарлапды.

Сақтандыру санаттары бойынша айтқанда, міндетті сақтандыру қаржысы 45,7 млрд теңгеге жуықтаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға жоғары. Ал ерікті сақтандыру сыйақысы 53,5 млрд теңгеге жетіп, 25 пайыздың өсім көрсетті. Керісінше, ерікті мүлікті сақтандыру 6 пайызға азайып, 105 млрд теңгеге дейін түсті. Осыған дейін сақтандыру нарығының табысы 2 пайызға төмендеп, 157 млрд теңгені төңірегінде болатын. Оның ішінде, автокаско 6 пайызға, мүлікті сақтандыру 8 пайызға төмендеген. Ал міндетті сақтандырулар бірқалыпты көрсеткіште тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу