Сақтандыру төлемдерінің 20 пайызы алаяқтардың қалтасына кетеді

920

Сақтандыру төлемдерінің 20 пайызы алаяқтардың қалтасына кетеді

Сақтандыру төлемдерінің 20%-ы алаяқтардың қалтасына кетеді. Бұл туралы сақтандыру саласының мамандары айтып отыр. Олардың айтуынша, қазір болып жатқан көлік соқтығысының 20 пайызы қасақана жасалады. Мысалы, көлікті сырып, аударып тастайды. Немесе ескі көліктерді жағып жібереді. Сондай-ақ, жақын шетелдерден соғылған автомобиль әкеліп, елге келген соң сақтандыру құжатын рәсімдейді. Кейін құйтырқы әрекеттер арқылы сақтандыру төлемін өндіріп алады. Кей жағдайда жол полициясының қызметкерлері жалған құжаттар жасап береді дейді мамандар. Сондай-ақ, кеден орындарына заңсыз сақтандыру келісімшартын көрсететіндер көбейген. Мамандардың айтуынша, елімізде сақтандыруға қатысты деректердің 65 пайызында сақтандыру шығындары көп төленеді.

Ренат Сихымбаев, "Сәлем" СК АҚ басқарушы директоры:

"...сақтандыру жүйесін білмегейтін халыққа көмектесеміз деп, сақтандырудан алған төлемдерін жымқыратын алаяқтар жетерлік. Мысалы, көлігін соққан жүргізушіге 200 мың беріп, өздері 1 млн-ға дейін сақтандыру төлемін өндіріп алатын делдалдар да бар. Алаяқтықтың алдын алу мақсатында, соғылған көліктерге сақтандыру рәсімдемеу үшін, менеджер оны алдын ала фотоға түсіріп, тексеріп, содан кейін ғана тіркеу туралы жүйені енгізіп жатырмыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу