Сақтандыру ұйымдарының активтері 2 трлн теңгеге жетті

449

Сақтандыру ұйымдарының активтері тұрақты өсіп келе жатыр. 2023 жылдың басынан бері олар 20%-ға ұлғайды және бүгінгі таңда ЖІӨ-нің 2,2%-ын құрайды.    

Сақтандыру ұйымдарының активтері 2 трлн теңгеге жетті Фото: fingramota.kz

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"2024 жылдың 1 наурызында активтердің сомасы 2 трлн теңгені құрады. Сақтандыру ұйымдарының міндеттемелеріне келетін болсақ, олар 2024 жылдың 1 наурызында 1,6 трлн теңгеге тең болды, 2023 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 23,6%-ға артты. Сақтандыру сыйақылары да 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,5%-ға өсті. Сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемінің ұлғаюы бізді ерекше қуантып отыр. 2024 жылы ол 42,9 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 34,6%-ға көп", – деді спикер.

Агенттік өкілінің айтуынша, қазір сақтандыру саласы тұрақты, төлем қабілеттілігінің деңгейі жоғары. Сектор қарқынды дамып келеді.

2024 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша нарықта 25 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 16-сы жалпы сақтандыру компаниясы және 9-ы өмірді сақтандыратын компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу