"Сақтандыру ұйымын құруға рұқсат беру" тәртібі өзгереді

465

Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру" композиттік мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі өзгерту жөнінде Қаулы қабылдады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Сақтандыру ұйымын құруға рұқсат беру" тәртібі өзгереді Фото: inform.kz

"Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының қаулысы  қабылданды.

Құжатқа сәйкес, өтініш беруші бір өтініш арқылы үш қызмет түрін: сақтандыру ұйымын құруға рұқсат, ірі қатысушының (сақтандыру холдингінің) мәртебесін иелену және еншілес ұйым құру немесе сақтандыру ұйымы капиталының елеулі бөлігін иеленуге рұқсат ала алады. 

Сондай-ақ қаулыда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны ерікті түрде қайтару тәртібі көзделген. Оған сәйкес, лицензияны ерікті түрде тапсырған және әділет органдарында қайта тіркеуден өткеннен кейін ұйым заңды тұлға ретінде жұмыс істей алады және көрсетілетін қаржылық қызметтермен байланысты емес өзге де кәсіпкерлік қызметпен айналысуына болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу