Сақтандыру жүйесінен тыс қалғандарға да медициналық көмек тегін көрсетіледі

929

Бүгінде медициналық сақтандыру жүйесінен 3 млннан астам қазақстандық тыс қалған. Алайда оларға "ақ халаттырлар" әлі де тегін көмек көрсетеді.   

Сақтандыру жүйесінен тыс қалғандарға да медициналық көмек тегін көрсетіледі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше жүйеге халықтың қалған бөлігін тіркеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен 3 млннан астам қазақстандық тыс қалды. Олар кез келген уақытта тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуға құқылы. Қор әкімдіктер мен арнайы министрліктермен бірлесіп халықты сақтандыруға жүйесіне тарту бойынша жұмыстарды жалғастырады", – деді қор басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу