Сал ауруына шалдыққан әйел 18 жылдан кейін цифрлық аватар көмегімен сөйледі

382

Бұл - америкалық зерттеушілердің жеткен жетістігі.

Сал ауруына шалдыққан әйел 18 жылдан кейін цифрлық аватар көмегімен сөйледі Фото: reuters.com

Науқасқа ми имплантын қолдану арқылы сөйлеу қабілеті қалпына келтірілген. Жаңа технология жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді.

18 жыл бұрын инсульт алған америкалық әйел Энн Джонсон сал ауруынан сөйлеу қабілетін жоғалтқанымен, оның миы сигнал жібере алады. Мұны негізге алған америкалық ғалымдар эксперимент жасап, технологияның көмегімен әйелді сөйлетті. Яғни, оның миындағы нейрондық белсенділікті мәтінге немесе дыбысқа аудара алды.

"Мұндай аватарды алу үшін біз Энн айтқысы келген хабарламаны және бет қимылдарын кодтадық. Сондықтан, бұл – біздің мүшелеріміздің қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін 3D көрініс", - дейді Калифорния университетінің зерттеушісі Шон Мецгер.

Дәрігерлер Эннның миына 253 электродтан тұратын имплант енгізді. Осылайша, жақ, ерін, тіл және бет бұлшықеттеріне жіберетін электр сигналдарын компьютерге түсірді. Операция кезінде миға "порт" орнатып, оған қосылған кабельдің көмегімен ми сигналдары компьютердің мәліметтер базасына жіберіледі. Әрі қарай жасанды интеллект іске қосылады, деп түсіндірді зерттеушілер.

Осы зерттеуге қатысқан ғалымдардың бәрі бірауыздан бұл технологияны шыңдау керек дейді. Ал ол қомақты инвестицияны қажет етеді. Сарапшылар бұл - технологиялық дамудың алғашқы кезеңі екенін айтады. Ал оның ең мықты нұсқасын жасаған жағдайда, сал ауруына шалдыққан талай жанның көңіліне медеу болатын жетістік болмақ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу