Сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған: Атырауда педофилге сот үкімі шықты

677

Күдікті 17 жылға сотталды.

Сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған: Атырауда педофилге сот үкімі шықты Фото: google.com

Атырауда 2022 жылдың желтоқсанында 13 жастағы мүгедек қызды зорламақ болған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жантүршігерлік оқиға 2022 жылдың 6 желтоқсанында Авангард шағын ауданында болған.

Белгілі болғандай, 2023 жылдың маусым айында Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл оқиғаға нүкте қойған.

Ер адам Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы – қыз зорлауға оқталу және ірі залал келтірген көлік ұрлау бойынша кінәлі деп танылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, іс жабық сот отырысында қаралды. Сондықтан істің мән-жайы жария етілмеді.

"Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру актісімен және сараптама қорытындысымен толық дәлелденді", - деп атап өтті Атырау облыстық соты.

Сот ер адамды екі бап бойынша да кінәлі деп тауып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу