Мемлекеттік сатып алу электронды дүкенге көшеді

908

Салаға рейтингтік-балдық жүйе енгізілмек.  

Мемлекеттік сатып алу электронды дүкенге көшеді

"Мемлекеттік сатып алуға келсек, оның көлемі 3%-ға өсіп, 3,9 трлн теңгеден астам соманы құрады. Келешекте бір көзден сатып алу процесін жойып,  тауарларды бір күннің ішінде бәсекелестік негізде сатып алуға мүмкіндік беретін Электронды дүкен іске қосылады деп күтіп отырмыз. Сондай-ақ, электронды депозитарий құрылады. Ол адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, өнім ұсынушылардың жұмыс тәжірибесін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік сатып алу процесінде рейтингтік-балдық жүйені енгізу жоспарлануда. Бұл ретте веб-портал өнім берушілерге баға және сапалық өлшемшарттарды ескере отырып, автоматты түрде рейтинг түзеді", - деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу