Салалық министрліктерге 3 күн уақыт берілді

719

200 мың жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін. 

Салалық министрліктерге 3 күн уақыт берілді Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин салалық министрліктерге қысқа мерзімде орындалуға тиіс шұғыл тапсырма жүктеді. 

"Ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы министрліктері 3 күн мерзімде салалық мемлекеттік бағдарламаларға тиісті өзгеріс енгізу бойынша қаулы жобаларын тәртіппен енгізсін. Әкімдерге өнеркәсіп орындарымен жұмыс орындарын сақтау бойынша арнайы жұмыс жүргізуді тапсырамын!" – деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысының сөзінше, кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдаудың жаңа шаралары 200 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

"Еңбек министрлігі және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыспен қамтудың жаңа жол картасын қабылдауды қамтамасыз етсін!" –  деді премьер-министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу