"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Павлодар облысына жол тартты

563

Өңірдің шалғай ауданында тұратын тұрғындары тегін медициналық тексеруден өте алады.

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Павлодар облысына жол тартты

31 шілдеден 16 тамызға дейін "Саламатты Қазақстан" мамандандырылған медициналық пойызы Павлодар облысының шалғай станциялары мен оларға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

31 шілдеде медициналық пойыз мамандары Мамыр разъезінде жұмысқа кірісіп, 1 тамызда Жұмыскер станциясында жалғастырады. Бұдан әрі кестеге сәйкес тұрғындарды қабылдау 2-3 тамызда Көктөбеде, 4 тамызда Құркөлде, 5-6 тамызда Маралда, 7-9 тамызда Құрқамыста, 10-12 тамызда Қалқаманда және 13-14 тамызда Қарасорда жүріп, 15-16 тамызда жылжымалы емхана Шідерті станциясында өңірдегі жұмысын аяқтайды. Консультациялық-диагностикалық пойыздың мамандары тұрғындарды таңғы 9-дан кешкі 18.00-ге дейін қабылдайды.

2022 жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстан бойынша келе жатқан "Саламатты Қазақстан" мамандандырылған медициналық пойызы 11 шілде мен 30 шілде аралығында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының разъездері мен шағын станцияларында науқастарды тексеріп, ем жүргізді.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында 5 станцияның тұрғындары тексерілді: Предгорная, Черемшанка, Бұқтырма, Заводинка және Тұрғысын.

Консультациялық-диагностикалық пойыз дәрігерлері 857 тұрғынды, оның ішінде 104 баланы тексерді. Дәрігерлерге қаралудың саны  – 857. 185 шағын хирургиялық операциялар жасалды. Оның ішінде 185 тіс жұлынды.

Жалпы тәжірибе дәрігері/терапевт/педиатрға 606 адам, хирургқа 413 адам, көз дәрігеріне 398 адам, құлақ-мұрын дәрігеріне  154 адам, гинекологке 215 адам, тіс дәрігеріне 246 адам қаралды. 

Сондай-ақ шалғай станциялардың тұрғындарына 511 ЭКГ жасалып, 26 ФЛГ, 659 УДЗ емшаралары жүргізілді.

Абай облысында 5 станцияның тұрғындарына медициналық жәрдем жасалды: Жарма, Жаңғызтөбе, Суықбұлақ, Белағаш, Ауыл.

Абай облысындағы статистикасы мынадай: консультациялық-диагностикалық пойыз дәрігерлері 905 тұрғынды, оның ішінде 156 баланы тексерді. Дәрігерлерге қаралудың саны – 905. 180 шағын хирургиялық операциялар жасалса, оның ішінде 180 тіс жұлынды.

Жалпы тәжірибе дәрігері/терапевт/педиатрға 612 адам, хирургқа 458 адам, көз дәрігеріне 324 адам, құлақ-мұрын дәрігеріне 262 адам, гинекологке 270 адам, стоматологке 300 адам қаралды. 

Сондай-ақ шалғай станциялардың тұрғындарына 453 ЭКГ жасалып, 235 ФЛГ, 584 УДЗ ем шаралары жүргізілді.

Гүлсім есімді ауыл тұрғыны 2015 жылы пойыз дәрігерлерінің арқасында ФГДС процедурасы кезінде қызынан асқазан полиптері дер кезінде табылғанын айтты. "Биыл мен бірнеше дәрігердің қабылдауында болдым. Пойыз мамандарына бару – бұл қажеттілік. Мен дәрігерлерге жылына кем дегенде екі рет қаралғым келеді, әсіресе алыс шалғай тұрғындарына өзекті бұл", –деді ол.

Сондай-ақ Тұрғысын станциясының тұрғыны Марта Моисеева әрбір емделушіге ерекше ықылас білдіріп, ем көрсеткен, Алматы қаласынан келген медициналық пойыз мамандарына шын жүректен алғысын білдіріп, отбасыларына амандық пен зор денсаулық тіледі.

Консультативтік-диагностикалық пойыздың ЛОР дәрігері Сәкен Кәкеновтің айтуынша, екі облыстың шалғай ауылдарының тұрғындары арасында жиі кездесетін аурулар: аралас астигматизм, артрит, артроз, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы бронхит, артериялық гипертензия. Сондай-ақ жобаға екінші рет қатысып отырған дәрігер шалғай ауылдардың тұрғындарына мамандар берген кеңестерді ұстануға, тағайындалған препараттарды қабылдауға кеңес беретінін атап өтті.

"Саламатты Қазақстан" – "Медициналық пойыздар" қайырымдылық жобасының бір бөлігі. Жобаның басты мақсаты – сапалы медициналық қызметке жүгінуге мүмкіндігі жоқ еліміздің шалғай станциялары мен жақын жердегі ауылдардың тұрғындарын тегін медициналық тексеру.

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы 2022 жылдың соңына дейін еліміздің 67 шалғай станциясына барады деп күтілуде. Пойыз бағыты Қазақстанның 10 облысын қамтиды.

Сондай-ақ "Жәрдем" медициналық пойызы қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысындағы Белес разъезінде тұр. Медициналық пойыз мамандары 9 тамызға дейін аймақ тұрғындарын тегін тексереді.

"Жәрдем" және "Саламатты Қазақстан" медициналық пойыздары жалпы саны 60 000 адамды қамтып, дәрігерлердің қабылдауына келу саны 100 000 болады деп күтіліп отыр.

Медициналық персоналдың құрамы әртүрлі бейіндегі білікті мамандардан тұрады: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог, рентгенолог, кардиолог, УДЗ дәрігері, эндоскопист, функционалдық диагностика дәрігері. Биыл медицина мамандарының құрамына психолог және дерматовенеролог қосылып, жобаға барлығы 36 маман қатысады. Дәрігерлер бригадасы халыққа барлық қызметті тегін көрсетеді.

Медициналық пойыздардың қозғалыс кестесі туралы нақты ақпаратты жобаның www.medpoezd.kz ресми сайтынан немесе 8 7172 60 45 94, 8 701 206 15 40 нөмірлері арқылы, сондай-ақ @medpoezd.kz Instagram парақшасынан біле аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу