"Саламатты Қазақстан" пойызы жолға шықты

532

120 стансаға тоқтап 75 мыңнан аса адамды тексереді. 

"Саламатты Қазақстан" пойызы жолға шықты Фото: baq.kz

"Саламатты Қазақстан" пойызы Алматыдан жолға шықты. Бірінші болып "Қопа" стансасына аялдайды. 

Айта кету керек, барлық медициналық мамандар отырған пойыз 1 стансада 1 немесе 2 тәулік қана болады. "Саламаттты Қазақстан" 6-шы желтоқсанға дейін 17 өңірдегі 75 мыңнан аса адамды медициналық тексеруден өткізуді жоспарлап отыр. 

Медициналық бригадалар диагностикалық процедуралар ғана емес, сондай-ақ шағын амбулаториялық операция жасайтын 35 маманнан тұрады. Оның ішінде терапевт, хирург, жалпы тәжірибе дәрігері, невропатолог, тіс дәрігері, психолог, окулист, гинеколог және уролог секілді мамандар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу