Қазақстанда курьерлік қызмет бір жылда 3,3%, ал сәлемдеме жіберу 17,7% қымбаттаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2025 жылғы қаңтар-мамырда пошта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулерінің көлемі жедел деректер бойынша 35,5 млрд теңге сомасында қызмет көрсетілген. Бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырдағы көлемімен салыстырмалы бағаларда 4,1%-ды құрайды. Оның 8,6 млрд теңгесі халыққа көрсетілген.
Пошта және курьерлік қызметтердің басым бөлігі Алматы қаласында көрсетілген – жалпы көлемнің 58,9%, ақшалай мәнде бұл 20,8 млрд теңгені құрады. Екінші орында Астана қаласы – 4,8 млрд теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу