Салғырттық танытқан құрылысшылар ісі қылмыстық тұрғыда қаралады

360

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Салғырттық танытқан құрылысшылар ісі қылмыстық тұрғыда қаралады Фото: gov.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өз ісіне салғырт қараған құрылыс салушылардың ісі сотқа жіберілетінін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Бірқатар тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен жергілікті орындарда тікелей кездестім. Олардың үйлері жеке құрылыс салушылардың салдарынан кешіктіріліп жатыр. Мәселен, олар – "Қазанат-2", "София", "Оазис", "Arai apartaments" тұрғын үй кешендері. Кесте бойынша көрсетілген уақыттан кешіктірілгенінен бөлек құжат, қаржыландыру және т.б. бойынша проблемалар бар. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев қатысты.

Құрылыс салушыларды өзгелердің тағдырына бей-жай қарамауға шақырамын! Егер заңды талаптар орындалмаса әрі заңбұзушылықтар уақытында жөнделмесе, іс сотқа жіберіледі. Материалдар қылмыстық тұрғыда қаралатын болады. Ал нысандар өзге инвесторларға тапсырылады", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Айтуынша, осыған ұқсас проблемалар "Сапсан", "Diana", "R-club", "R-club Deluxe", "Әскер 1 және 2", "Ақтау сити" тұрғын үй кешендерінде де бар. Әкім құқық қорғау органдарымен бірлесе проблемалы үйлердің құрылысы назарда ұсталатындығын мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу