"Салмақ қосып жүрмін деп ойлаған": Алматыда әйелдің ішінен 3 келілік ісік алынды

144

Ісік әйелдің құрсақ қуысын түгелге жуық алып жатқан.

"Салмақ қосып жүрмін деп ойлаған": Алматыда әйелдің ішінен 3 келілік ісік алынды Фото: onkourologi.ru

Алматыдағы Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының дәрігерлері әйелдің кіші жамбас және құрсақ қуысынан көлемді өскінді алып тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның салмағы шамамен 3 келі болған. Күрделі операция кезінде мамандар пациенттің репродуктивті ағзаларын сақтап қалды.

Әйел бір жарым жыл бойы ішінің біртіндеп үлкейгенін байқаса да, оны салмақ қосумен байланыстырған. Кейін іші керіліп, ауырсыну, жайсыздық және ентігу пайда болған.

УДЗ, КТ және МРТ тексерулерінен кейін дәрігерлер құрсақ қуысын түгелге жуық алып жатқан өскінді анықтаған. Онкогинекологтардың тексеруінен соң хирургиялық операция жасау туралы шешім қабылданды.

Операция кезінде дәрігерлер 7 литрге жуық сұйықтықты шығарып, салмағы шамамен 3 келі болатын өскінді алып тастады. Бұған дейінгі операциялардан қалған жабысқақ тіндер хирургтердің жұмысын қиындатқан. Алынған өскін гистологиялық зерттеуге жіберілді.

Күрделі операция сәтті аяқталды. Дәрігерлер өскінді алып қана қоймай, әйелдің репродуктивті ағзаларын да сақтап қалды. Қазір пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Ол стационарда ем қабылдап жатыр және жақын арада ауруханадан шығуға дайындалуда.

Мамандар іштің ұлғаюы, ауырлық сезімі, ауырсыну мен ентігу белгілерін елемеуге болмайтынын ескертеді. Мұндай белгілер әрдайым салмақ қосумен байланысты емес. Сондықтан олар байқалған жағдайда дәрігерге қаралып, себебін анықтау маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу