Салт атты саяхатшылар Бозоқтан Ботайға дейін экспедицияғы шықты

944

 Ат туризмін қолдаушы шабандоздар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының киелі жерлеріне саяхатқа шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.  

Салт атты саяхатшылар Бозоқтан Ботайға дейін экспедицияғы шықты

Жеті күндік экспедицияның мақсаты – Бозоқ қалашығы мен Ботай мәдениеті сынды жалпыұлттық маңызы бар археологиялық ескерткішін танымал ету, сондай-ақ Қазақстан аумағында экологиялық туризмді ілгерілету.

"Осы далада адамзат алғаш рет атты қолға үйретті. Ботай мәдениеті – сол ұлы өркениеттің бастауы. Бозоқ қалашығы – еңселі елордамыздың алтын тамыры. Бұл жерде ұлттық парк құру арқылы біз көне тарихымызды жас ұрпаққа насихаттаймыз. Мәдениет және спорт министрлігі ашық аспан астындағы ұлттық музей құрылысын кезең-кезеңмен жүзеге асыруды көздейді. Алдағы уақытта да "Бозоқ" музей-қорығының жұмысы жандана береді. Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының арасын атпен жүріп өтетін экспедицияның мәні ерекше. Осындай іс-шаралар арқылы атқа мінуді насихаттаймыз, тарихымызбен танысамыз, эко-туризмді дамытамыз. Экспедицияны ұйымдастыруға үлес қосқан баршаңызға алғыс айтамын" , – деді мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Айта кетсек, Бозоқ – Қазақстанның қазіргі астанасы аумағында орналасқан, 1250 жылдық тарихы бар көне қалашық. Кезінде Бозоқ арқылы Ұлы Жібек жолының сауда тармақтары өткен.

Ал, Ботай – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің бірегей қонысы. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақыты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Онда жүргізілген зерттеулердің тарихи маңызы – жылқыларды қолға үйретудің жер жүзіндегі бірден-бір орталығы Қазақстан екенін дәлелдейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу