Салт аттылар экспедициясы Кереку жерінде жүр

1749

Салт аттылар экспедициясы Кереку жерінде жүр

"Жібек жолы" экспедициясының қатысушылары Павлодар облысының киелі жерлерін салт атпен аралауда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Тоғыз саяхатшы Карпат  бассейнінен Корей жарты аралына дейін ұзындығы үш мың шақырым жолды Қазақстан арқылы өтпек. Ел аумағын кесіп өтуге экспедиция қатысушылары 10 күн кетеді деп жоспарлауда. Оның бес күні Павлодар облысын қамтиды.  Осы уақыт аралығында мажарлық саяхатшылар Ертіс өңірінің киелі жерлерімен танысып шығады. Олардың ішінде әлемді аралап шыққан аты әйгілі Бенце Иштвана бар.

Сапар 2018 жылы 12 маусымда Астанада басталған. Дәл сол күні Ақмола облысы Аршалы ауданының Береке кентінде түнеген. 13 маусым күні Ерейментау ауданының Благодатное кентінде қонуға тоқтаған. 14 маусымда "Бұйратау" ұлттық паркіне атбасын тіреген.

"Олар Ерейментаудан бет алды, - дейді Екібастұз қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Байбәкіров. -  Саяхатшыларды кешке Әлкей Марғұлан ауылында дәстүрмен қарсы алдық. Ет асып, киіз үйге орналастырдық. Келесі күні таңертең Баянауыл ауданының киелі  жерлерін  тамашалап, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мавзолейінде болды.
Кесте бойынша 19 маусымда "Жасыбай" ұлттық паркі бойынша сапарды жалғастырып, Баянауыл ауданының Южное ауылында  түнейді. 20-21 маусым аралығында экспедиция Қарағанды облысы арқылы өтіп, Қарқаралы кентінде сапарды аяқтайды. 22 маусымда салт атты сапардағы жылқыларды тиеп, экспедиция өз мәресіне жетеді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу