Салтанат Байқошқарова: Біздің мемлекетімізде экстракорпоральді ұрықтандыру арзан

2425

2010 жылдан бері Қазақстанда мемлекеттің қаражаты есебінен экстракорпоральді  ұрықтандыру арқылы 1500 бала дүниеге келген.

Салтанат Байқошқарова: Біздің мемлекетімізде экстракорпоральді ұрықтандыру арзан Фото: turaninform.kz

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу экстракорпоральді ұрықтандыруды қажет ететін әрбір әйелге мүмкіншілік береді. Бұл жайында еліміздегі ең бірінші экстракорпоральды ұрықтандыру зертханасының негізін қалаған биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Бұл әрбір әйелге жылына тым болмағанда бір рет экстракорпоральді ұрықтандыруды тегін жасатуға мүмкіндік беретін болады", - деді ол.

Оның дерегінше, 2010 жылдан бері Қазақстанда мемлекеттің қаражаты есебінен экстрокорпоральді ұрықтандыру арқылы 1500 бала дүниеге келген.

"Егер мемлекеттік квота жайында айтар болса, онда 2010 жылдан бері 1500 бала дүниеге келді. Меніңше, бұл өте үлкен нәтиже. Себебі ерлі-зайытылардың барлығының бірдей репродуктивті денсаулығы кінәратсыз болмаған кезде де оң нәтижелер бар. Небәрі 700-800 мың теңгеге мұндай нәтижеге қол жеткізу керемет деп есептеймін. Өйткені, өзге елдерге қарағанда біздің мемлекетімізде экстракорпоральді ұрықтандыру арзан. Екі, кейде үш, тіпті 10 есе арзан болып келеді. Бірақ, бізде дәрі-дәрмек өте қымбат. Себебі олардың барлығын шетелден сатып аламыз", - деді Салтанат Байқошқарова.

Оның сөзіне қарағанда, бұрындары экстракорпоральді ұрықтандыру зертханасына 40-тан асқан әйелдер жүгініп келсе, қазіргі уақытта жүгінетін әйелдердің орташа жасы 35-ті құрайды.

"Бұл адамдар біршама сауатты бола түсті және экстракорпоральді ұрықтандырудың не екенін біледі деген сөз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу