Танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Қуандық Бишімбаевтың сотта айтқан "бір кездері Салтанат Нүкенова Райымбек есімді кәсіпкердің көңілдесі болды" деген сөзіне қатысты пікір білдіріп, отбасының абыройына нұқсан келгенін айтты.
"Мен болған жайтқа қатысты пікір білдірсем деп едім. Себебі менің инстаграмым "жарылайын" деп тұр. Кеше ел болып атышулы процеске куә болдық. Процесс 1 сәуірге сәйкес келіп қалды. Оның мазмұны да соған сай болған секілді. Біз атышулы істі емес, "Пусть говорят" шоуын көріп отырғандай болдық. Сотта менің отбасымның абыройына нұқсан келтірген негізсіз, ойға қонымсыз нәрселерге қатысты не дерімді білмеймін. Салтанаттың жақындарына сабыр мен күш-қуат тілеймін және әділдік орнайды деп сенемін. Біз сіздермен біргеміз, – деп жазды Ленара Баталова Instagram-парақшасында.