"Салтанат қысқа көйлек киіп, клубта жүретін": Asarume белсендісі көптің ашуына тиді

7990

Желі қолданушының сөзі қазақстандықтардың ашуын туғызды. 

"Салтанат қысқа көйлек киіп, клубта жүретін": Asarume белсендісі көптің ашуына тиді Фото: коллаж inbusiness.kz

"Asarume" қайырымдылық қорының еріктісі Елжас Шора экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмысқа баруына "Салтанат Нүкенованың өзі итермелеген" деген пікір қалдырды. Бұл жағдай әлеуметтік желіде шу туғызды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әр қазақ әйелі – жалғызым. Өте керемет сөздер. Жеке өз басым әйелдер қауымын, ана-апа, қарындастарымызды сыйлаймын. Бірақ өкінішке қарай, әйел кісілер бар арақ-шарап ішетіндер, темекі шегетіндер. Клубта жұмыс істейтін таныс жігіт Салтанат министрдің әйелі бола тұра қысқа көйлек киіп, мас болып клубтарда жүретін дейді. Аллаһ кешірсін, қатты айтсам. Ақиқатты айту керек. Әрине, бұл ажал. Осы өлімге күйеуін итермелеген Салтанаттың өзі деп ойлаймын. Жатқан жері жайлы болсын. Ішімдік ішіп өлгені өте ауыр болады өзіне. Аллаһ кешіріп, рахымына бөлесін. Салтанаттың жағдайы барша әйелдерге сабақ болсын. Өтініш, ана, әйел, апа, қарындас сөзге сай болыңдаршы. Арақ ішпеңдер, күйеулеріңізді тыңдаңыздар. Жаман болмайсыздар. Иә, келісемін, тура осындай еркектер де бар оңбаған",  деп жазады Елжас Шора комментарийлердің бірінде.

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді осы жағдайға қатысты өз ойын айтты. 

"Сендер құтырып кеткен жоқсыңдар ма? Айтқандарың мен істегендеріңе  жауап беріңдер. Халықтың ақшасы есебінен әбден тойып, үрейді ұмытқан екенсіңдер", - деп жазды ол сторисінде.

Артынша Елжас Шора өзінің қателескенін мойындап, халықтан кешірім сұрады. 

"Мен Салтанаттың қайғылы қазақсына тоқталып қателесіппін. Өз пікіріме қайта қарап, оның сөздерінен Бишімбаевты ақтап жатырмын деп халық солай түсініп жатыр. Бірақ бұл олай емес. Бұл – менің сөздерім, менің қателігім. Бұл сөздеріме өзім ғана жауап беремін, бірақ "Асаруме" емес. Өйткені мен қордың қызметкері емеспін. Мен тек бос уақытымда облысыма көмектесіп жүрген еріктімін. Менің әрбір бөлген уақытым халық үшін көмегім және мен оны тегні жасаймын. Салтанат туралы өз атымнан жаздым, "Асаруме" қорының атынан емес. Сондықтан қормен байланыстырудың қажеті жоқ. "Адаспаймын деген ер азаматты қалың тұман адастырар" дейді ғой, эмоциямен жазғаным болар. Сол үшін халқымнан кешірім сұраймын. Менің сөздерім үшіне "Асаруме" қорына жала жауып, халық адаспау керек. Ақылға келейік. Бір-бірімізбен ұрысып, қарғаудың қажеті жоқ", – деді желі қолданушысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу