Салтанат Қуандыққа "бірге намаз оқуға" қолхат жазып берген

2654

Қорғаушы тарап бұл жазбаны іске қосқысы келетінін айтты. 

Салтанат Қуандыққа "бірге намаз оқуға" қолхат жазып берген Фото: Жоғарғы сот

Адвокаттардың айтуынша, онда ол Бишімбаевпен "бірге намаз оқуға және көп қызғанбауға" уәде беретінін жазған көрінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандыққа деген сенімді қалпына келтіруге уәде беремін. Қызғанбаймын, психологқа үнемі барып тұруға, өз бетіммен жұмыс істеуге, сеніміммен жұмыс істеуге уәде беремін. Қуандыққа мойынсұнуға, құрметтеуге уәде етемін. Отбасыны қорғайтын аяулы да қамқор әйел болуға, боқтық сөздер айтпауға сөз беремін. Оның пікіріне құрмет білдіріп, маған жақсылық жасап жатқанына сенемін", – делінген Бишімбаевтың қойын дәптеріндегі жазбада.

Қорғаушы тарап бұл жазбаны іске қосқысы келетінін айтты. Алайда сот адвокаттардың өтінішін қанағаттандырмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу