Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Өткен аптада Айтбекке қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды", - деді Ермұхамет Ертісбаев.
Айтбек Амангелді бұл туралы ештеңе білмейтінін және Ертісбаевтың видеосын бұрын көрмегенін айтты.
"Мен бұл туралы сізден білдім", - деп жауап берді Айтбек Амангелді.
Еске сала кетсек, 13 мамырда алқабилер ұлттық экономика бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевты аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырды.