Салтанат Сәтжан "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды

420

2021 жылдан бастап жиынтық-талдау жұмысы және бақылау департаментін басқарып келді.

Салтанат Сәтжан "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды

"Самұрық-Қазына" АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры қызметіне Салтанат Сәтжан тағайындалды.

Салтанат Ермолқызы 1989 жылы 24 сәуірде дүниеге келген.

"Болашақ" бағдарламасымен Австралия ұлттық университетін бітірген, экономика бакалавры.

Сертификатталған және дипломы бар бухгалтерлер қауымдастығының (АССА) құрметті мүшесі, CFA II дәрежесі бар.

Warwick университетінде MBA кандидаты.

Big4 компаниялары мен "Самұрық-Қазына" қорындағы қаржы, аудит және экономикалық талдау саласындағы жұмыс тәжірибесі 12 жылдан асады.

2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Салтанат Сәтжан "Самұрық-Қазына" АҚ жиынтық-талдау жұмысы және бақылау департаментін басқарып келді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу