Салтанаттың ағасы сотта көрсетілген видеоны көріп, көз жасын тыя алмады

812

Ал Бишімбаев бұл видеоларды түсірмегенін, "бұл - монтаж" деп айтты. 

Салтанаттың ағасы сотта көрсетілген видеоны көріп, көз жасын тыя алмады Фото: видеодан алынған кадр

Судья Айжан Көлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың оқиға болған күні Нүкенованы түсірген бейнелерін көріп шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бейнеде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың марқұм Салтанат Нүкеноваға бұрынғы қарым-қатынасы туралы айтып, балағат сөздер айтқан. Ал Бишімбаев бұл видеоларды түсірмегенін, "бұл - монтаж" деп айтты. 

Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді жантүршігерлік кадрларды көріп көз жасына ерік беріп, жасын тоқтата алмады. Адвокат Жанна Оразбахова да телефонды көргенде, шошып, бетін басып отырды.

Айтбек Амангелді судьядан Бишімбаевтың телефонындағы зорлық-зомбылық көріністерін көпшілікке көрсетпеуді сұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу