Салтанаттың әкесі сот үкімімен келіспейді

529

Бақытжан Байжановқа да кемі 10 беру керек еді.

Салтанаттың әкесі сот үкімімен келіспейді Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бүгін Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша үкім оқылды. Алайда, марқұмның әкесі соттың үкімімен келіспейтіндігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Салтанат Нүкенованың әкесінің сөзінше, Бақытжан Байжановқа да кемі 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілу керек еді.

- Жоғары соттың Қуандық Бишімбаев 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасын бергенін қабылдаймыз. Бірақ Бақытжан Байжановқа берген 4 жылды біз қабылдамаймыз. Негізі оған да 10 жыл берілу керек еді, - дейді Салтанат Нүкенованың әкесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу