Сальвадор Президенті Наиб Букле 40 мың тұтқынды ұстауға арналған ең үлкен түрменің ашылуына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz АА сілтеме жасап.
Сан-Висенте департаментінің Теколука муниципалитетіндегі түрме мекемесі Сан-Сальвадор астанасынан 74 шақырым қашықтықта орналасқан.
Түрме 166 гектар жерге салынған, мұнда 40 мыңға жуық тұтқынды қамауда ұстауға болады.
Мемлекет басшысы түрме небәрі 7 айдың ішінде салынғанын хабарлады.
Түрмені 600 әскери қызметкер, сондай-ақ 250 полиция күзететін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу