Салық берешегі бар жеке тұлғалар нені білуі керек?

256

Салық берешегі пайда болған кезде жеке тұлғаға тиісті хабарлама жіберіледі.

Салық берешегі бар жеке тұлғалар нені білуі керек? Фото: pixabay

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеуші ​​туралы құпия ақпаратты оның жазбаша рұқсатынсыз үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға беру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Салық берешегі пайда болған кезде жеке тұлғаға тиісті хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ оның орындалуы үшін отыз жұмыс күн беріледі. Жоғарыда көрсетілген мерзімде берешек өтелмеген жағдайда берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы 3932 теңге) жоғары болса, борышкерге салық бұйрығы жолданады. Әрі қарай, егер табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмесе, онда мұндай салық бұйрығы сот орындаушыларына жіберіледі", – делінген хабарламада.

Осылайша салық заңнамасына сәйкес салық бұйрығын сот орындаушыларына бергенге дейін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбай, берешекті өз еркімен өтеуге мүмкіндік бар.

"Жеке сот орындаушылары Қазақстан Республикасының "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Егер берешек сомасы 40 айлық есептік көрсеткішке тең немесе асатын болса Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Сонымен бірге жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады. Қосымша шығындарды болдырмау үшін салықтарды уақтылы төлеуді кеңес береміз",  деп қорытындылады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу