Салығы төленбеген көліктерге айыппұл салынуда

1219

Салығы төленбеген көліктерге айыппұл салынуда

Астанада салығы төленбеген көліктерге айыппұл салынып, оларды айып тұрағына әкетіп жатыр. Елордадағы бір ғана Алматы ауданы бойынша көлік салығы 1,5 мрд теңгеге жеткен. Аталмыш ауданда салығы төленбеген 55 мың темір тұлпар анықталды.

Ең қызығы, көліктердің басым бөлігінің қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрден асады. Яғни, қымбат маркалы көліктер. Олардың әрқайсы үшін жылына кемінде 100 мың теңге салық төленуі тиіс. Қазір осы іс-шаралар жеке сот орындаушыларымен бірігіп, мүліктерін тәркілеп жатыр. Көлік салығының төленетін уақыты 31 желтоқсанда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу