Салық есебінен бюджетке қосымша 4 трлн теңге түсті

475

Оның 932 млрд теңгесі былтыр түскен.  

Салық есебінен бюджетке қосымша 4 трлн теңге түсті Фото: Валерия Змейкова

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы 5 жылда салықтық және кедендік әкімшілендіру шаралары мен оларды цифрландыру есебінен республикалық бюджет қосымша 4 трлн теңгеге толтырылды. 2023 жылы оның 23%-ы немесе 932 млрд теңгесі түсті.

Биыл әкімшілендіруге арналған кіріс бойынша 1,6 трлн теңгеге жоспар құрылған. Бұл алдыңғы жылғы деңгейден 173%-ға көп", - деді ведомство басшысы.

Қаржы министрінің дерегінше, биылғы бірінші жартыжылдықта тексеру жүргізу үшін, тәуекел деңгейі жоғары 760 кәсіпкерлер субъектісі іріктеп алынған.

"Оған қоса ірі салық төлеушілердің, сондай-ақ мұнай секторы мен тау-металлургия кешені кәсіпорындарының салықтық әлеуетін арттыру мәселесі де белсенді пысықталып жатыр. Оларды тиімді әкімшілендіруде, деңгейлес мониторинг бойынша пилотты іске асыру үлкен әлеуетке ие, ол жаңа Салық кодексіндегі жаңашылдықтың біріне айналады. Жобаның мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді қатынас жолын құру мүмкіндігіне байланысты, болашағы зор. Фискалдық органдар кәсіпорындардың қаржылық есептілігі мен тарихи деректеріне қол жеткізе алады, ал кәсіпорындар олардың сараптамалық ұсынымдарын алады", - деп жалғастырды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу