Салық есептілігін бір реттік парольмен тапсыруға болады

651

Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың қызметін тоқтату рәсімі оңтайландырылады. 

Салық есептілігін бір реттік парольмен тапсыруға болады

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Құжатта салық жүйесін реформалау, салықтық және кедендік әкімшілендіру жүйесін жетілдіру, инвестиция тартуға басымдық беру, бизнес-ортаны дамыту, тарифтік саясатты және монополияға қарсы шаралары реттеу мәселелері қарастырылған.
"Жүргізілген цифрландыру мен жүйелерді жаңғыртуды ескере отырып, қолданыстағы рәсімдер қайта қаралды. Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру, қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту сондай-ақ жеке практикамен айналысатын тұлғалардың қызметін тоқтату рәсімін оңтайландыру ұсынылды. Салық есептілігін тапсыру мүмкіндігі кеңейтіліп, бір реттік пароль арқылы тапсыру мүмкіндігі ұсынылды", - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу