Салық инспекторымын деп алдаған алаяқ кәсіпкерлерден ақша алып келген

746

Салық инспекторымын деп алдаған алаяқ кәсіпкерлерден ақша алып келген

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жалған салық қызметкерін ұстады, деп хабарлайды azh.kz.

Атырау қаласының жеке кәсіпкерлерінен әлденеше рет ақшалай қаржы жымқырған Атырау облысының тумасы, бұрын пара алу және алаяқтық қылмыстары бойынша сотталған Әнуар Ермұратов ұсталды. 

37 жастағы Ә.Ермұратов биылғы жылдың сәуірінен маусымға дейін кәсіпкерлерге салық органдарының қызметкері ретінде келіп, олардың "шаңдарын қағып", содан соң жібіп, тексерумен мазаламауға және алдағы уақытта қамқорлық жасауға уәде беріп, 10-40 мың теңге аралығында ақша алып отырған.

Қазіргі кезде оның басқа да алаяқтық фактілеріне қатыстылығы тексерілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу