Мемлекеттік кірістер комитеті салық қарызын өсімпұлсыз жабу акциясы 13 күннен кейін аяқталатынын ескертеді. Комитет дерегіне сенсек, жыл басынан бері 601 313 жеке тұлғаның салық өсімпұлы есептен шығарылған. Олар 13,517 млрд теңге мөлшеріндегі негізгі салықты төлеп, 2,482 млрд теңгенің өсімпұлынан босатылған.
Өңірлер арасында Алматы қаласында 99 021, Түркістан облысында 71 163, Шымкент қаласында 47 867, Нұр-Сұлтан қаласында 46 194 жеке тұлға салық органдарына қарыздар.
"Ең көп өсімақы Алматы қаласы (1041,2 млн теңге) мен Павлодар облысында (179,9 млн теңге), Нұр-Сұлтан қаласы (168,7 млн теңге) мен Алматы облысында (151,7 млн теңге) есептен шығарылды", – делінген комиеттің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.