Салық кеңесшілерінің байланыс нөмірі жарияланды

2574

Борышкер 1414 нөміріне сағат 09:00-18:30 аралығында хабарласып, Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен байланысқа шығуға мүмкіндік бар.

Салық кеңесшілерінің байланыс нөмірі жарияланды

Мемлекеттік кірістер комитеті өңірлеріндегі салық кеңесшілерінің байланыс нөмірлерін жариялады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

"Жіберілген SMS-хабарламада жеке тұлғалардың шоттарында қалыптасқан берешек және артық төлемдер сомалары қоса көрсетіледі. "SMS хабарламалар" тарату қызметі пилоттық режимде жеке тұлғаларды салық міндеттемелері туралы уақтылы хабардар ету мақсатында іске қосылды. Бұл үрдіс құзырлы органдардың ақпараттық жүйелер мен деректер қорының бірігуінің арқасында іске асырылды", делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, SMS хабарлама жеке тұлғаларға салық міндеттемелері туралы ескертпені жедел жеткізеді. Оның тағы бір артықшылығы – бұл қызмет барлық ұялы телефондарды пайдаланушыларға қолжетімді. Осындай хабарлама Kaspi Bank мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі.

Салық органдары 2018 жылға есептеген және 2019 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төленуі тиіс салық сомасы (мүлік салығы және жер салығы) туралы хабарламаны азаматтарға коммуналдық қызметтерді жеткізуші курьерлік қызметі арқылы да жібереді.

Сондай-ақ, хабарламалар ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Салық төлеушілер кабинеті" қызметін пайдаланушыларға электронды түрде жіберіледі. Жеке тұлғалар 2018 жыл үшін жер және мүлік салықтары бойынша ақпаратты "Egov" порталының "Салық және қаржы" бөлімінің "Жеке тұлғалардың алдағы төлемдерін көру және төлеу" қызметінде, kgd.gov.kz сайтындағы "Барлық қызметтер" бөліміндегі "Мемлекеттік кірістер органдары есеп жүргізетін алдағы төлемдер мен берешектің жоғы (бар) туралы ақпарат" бойынша алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу