Салық кодексінің түсіндірмесі жазылды

1323

Үш мың беттен тұратын көмекші құралды 60-қа жуық заң саласы мамандары бірлесіп құрастырған.

Салық кодексінің түсіндірмесі жазылды

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов шамамен бір айдан кейін салық кодексінің түсіндірмесі жарық көретінін айтты. Мұндай көмекші құрал егемендік алғалы бері алғаш рет жазылған.

"28 жылдан бері тұңғыш рет кез келген адамға салық кодексін толық ұғынуға мүмкіндік беретін арнайы түсіндірме дайындадық. Ол үш мың беттен тұрады. Бұл кітапты жазуға 60-тан аса құқық саласының жетекші мамандары мен ғылыми орталықтардың сарапшылары қатысты. Салық кеңесшілері палатасы, Евгений Порохов атындағы ұлттық зерттеу институты мамандары, салық кодексін дайындаушы органдар, яғни, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік сатып алу комитеті",– деп атап өтті Рустам Жүрсінов. 

Түсіндірме арнайы мысалдар келтіру арқылы, сот тәжірибелері негізінде жазылған. Себебі пікірталас тудыратын заң баптары да кездеседі.

"Бұл құралды жазу оңай болған жоқ. Пікірталас тудырған мәселелер көп болды. Мәселен, мұнай компанияларының салық төлеуі, пайдалы қазбаларды алу. Сонықтан заңның дәл осы тұстары мысалдармен, бүге – шүгесіне дейін талданып жазылды. Себебі осы бағытта жұмыс істейтін мамандардың пікірі екіге бөлініп жатса, қарапайым адамға одан да қиын болуы мүмкін. Қорыта айтқанда ортақ шешім табуға тырыстық",– деді палата басқарма төрағасының орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу