Салық қызметкерінің үйінен 129 миллион теңге табылды

Адвокаттары жазаны жеңілдетуді және айыппұлмен ауыстыруды сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Салық қызметкерінің үйінен 129 миллион теңге табылды Фото: ашық дереккөз

Енді Астана мемлекеттік кірістер департаментінің маманы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды өмір бойы атқара алмайды. Қалалық соттың шешіміне сәйкес, Р.Төлегенов пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Осылайша, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы бөлімінің басшысы 3 жыл 6 ай бас бостандығынан шектелген.

– Сот анықтағандай, Төлегенов жеке компания директорынан қосымша құн салығының (ҚҚС) артық төленген сомасын қайтару үшін 3,6 миллион теңге көлемінде пара алған. Бұл сома қайтарылуға тиісті 36 миллион теңгенің 10 пайызын құраған. Тергеу барысында антикор қызметкерлері оның үйін тінту кезінде 129 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақшаны тәркілеген, – деп жазылған ресми хабарламада.

Р.Төлегеновтің адвокаттары сот шешіміне шағым жасап, жазаны жеңілдетуді және айыппұлмен алмастыруды сұрайды. Десе де, апелляциялық сот бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырып отыр. Сот қызметкердің іс-әрекеті салық органдарының беделіне кері әсерін тигізіп, мемлекеттік қызметке кір келтіргенін атап өткен.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу