Салық қызметкерлері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

205

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңға сәйкес барлық хабарламалар автоматты түрде нөмірленіп, жүйелі түрде қалыптасатынын еске салды. 

Салық қызметкерлері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады Фото: gov.kz

"Бүгінде интернет-алаяқтар салық төлеушілердің электронды пошталарына немесе әлеуметтік желілерде хабарлама түрінде "Заңбұзушылықтарды жою туралы ескерту. Бюджетке қарызды банктік шоттардағы ақша есебінен өндіріп алу" деген тақырыппен жалған хабарламаларды жіберуді жалғастырып жатыр", – делінген хабарламада.

Хабарламалар тек "Салық төлеушінің кабинеті", eGov порталы және e-Salyq қосымшаларына жіберіледі. Кейбір хабарламалар жеке кабинетте бірден қолжетімді болады. Камералды бақылау бойынша хабарламаларды КНП немесе eGov арқылы PDF форматында сұратуға болады.

"Осыған байланысты МКК жалған хабарламаларға сенбеуді, ақша аудармауды, күмәнді сілтемелерге өтпеуді және алынған хабарламаларды тексеруді ұсынады. Маңызды! МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электронды поштасына хабарламалар жіберілмейді", – деп ескерткен комитет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу