Салық органдары 4 блогердің 2,2 млрд теңге табысын тексеруде

262

Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлердің салық міндеттемелерін орындау барысы туралы мәлімет берді.  

Салық органдары 4 блогердің 2,2 млрд теңге табысын тексеруде Фото: www.kp.ru

2022–2023 жылдарға арналған камералдық бақылау нәтижесінде 854 блогердің табыстарын төмендету деректері анықталып, жалпы сомасы 71,9 млрд теңгеге қатысты 1 586 хабарлама жолданған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

2024 жылдың 4 маусымындағы жағдай бойынша 394 блогер қосымша есептілік ұсынып, 11,8 млрд теңге табысын декларациялаған. Олар 640 млн теңге көлемінде салық төлеген.

"Қазіргі уақытта бұрын жолданған хабарламаларды орындамаған немесе толық орындамаған блогерлерге қатысты салықтық тексерулер тағайындалып жатыр. Соның ішінде төрт блогерге қатысты жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге табысты жасыру фактісі бойынша тексеру туралы бұйрық шығарылды", – деп хабарлады комитет агенттіктің ресми сауалына жауап ретінде.

Айта кетейік, биылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша 338 блогер 10,6 млрд теңге көлемінде табысын көрсетіп, 256,7 млн теңге жеке табыс салығын төлеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу