Салық органдарында тіркелмей жұмыс істеген 50 саудагер анықталды

420

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов баға тұрақтандыру құралдарын қайта форматтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Салық органдарында тіркелмей жұмыс істеген 50 саудагер анықталды

"Айналым схемасы" тетігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерді бірінші кезекте қаржыландыруға бағытталған. Қазір жергілікті бюджеттерден "Айналым схемасына" 90,4 млрд теңге бөлінді, оның 57,7 млрд теңгесі берілді. Маусымаралық кезеңдердегі тұрақтандыру қорларының жұмысы тұрақты режимге ауыстырылды және бағаның маусымдық ауытқуын тегістеуге бағытталған. Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандырудың қолданыстағы үлгілік қағидаларына қосымша құрал – форвардтық сатып алу енгізіледі", - деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған қағидалардың жобасы мүдделі мемлекеттік органдарда келісу сатысында тұр.

Сондай-ақ 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары іске асырылып жатыр және электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде ел аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмір мен астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Бұл бақылау шаралары сауда үстемесі мөлшерін бұзу фактілерін, монополияға қарсы заңнаманы реттеуге қатысты тиімсіз делдалдардың, монополистердің, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен көтерме сауда жасаған адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Талдау қорытындысы бойынша деректер тиісті шараларды қабылдау үшін құзыретті мемлекеттік органдарға жіберіледі", - деп атап өтті Премьер-Министр.

Жауапта айтылғандай, бұл ережелер күшіне енген сәттен бастап МКК-дан алынған мәліметтермен баға белгілеу тізбегі бойынша 708 топқа талдау жүргізілді.

204 топ бойынша заңнаманы бұзу қатері табылды.

Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз көтерме сауда жасаған 48 жеке тұлға анықталды. Ірі монополистер анықталды, бұл деректер Бәсекелестікті қорғау агенттігіне берілді.

Талдау қорытындысы бойынша сауда субъектілеріне, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге қатысты тиісті тексерулер жүргізілді, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға хабарлама жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу