Салықтық рақымшылық шеңберінде бюджетке негізгі борышты төлеген жеке тұлғалар бойынша 568 446 өсімпұл есептен шығарылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері 12,843 млрд теңге көлеміндегі негізгі борыш төленген, 2,343 млрд теңге көлеміндегі өсімпұл есептен шығарылған.
Өңірлер тұрғысынан өсімпұлы ең көп Алматы қаласы болып отыр, мұнда 97 430 жеке тұлғаның қарызы бар. Түркістан облысы – 66 731 және Шымкент қаласы – 46 917 жеке тұлға.
Атырау облысында – 15 253 жеке тұлғаның берешегі болса, Қызылорда облысында – 14 466 және ШҚО-да 13 102 жеке тұлғаның борышы бар.
Өсімақының ең көп сомасы Алматы қаласында – 1015,9 млн теңге, Павлодар облысы бойынша – 179,9 млн теңге, Алматы облысы бойынша 139,7 млн теңге есептен шығарылды.
Ең аз өсім сомасы Ақтөбе облысы бойынша – 41,3 млн теңге, Қостанай облысы – 38,7 млн теңге, ШҚО 36,7 млн теңге есептелінді.