Салық рақымшылығы аясында қазақстандықтар 10 млрд теңгеден астам салық төлеген

1173

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Салық рақымшылығы аясында қазақстандықтар 10 млрд теңгеден астам салық төлеген

Салықтық рақымшылық үрдісі басталған кезде 1,5 млн жеке тұлғаның жалпы қарызы 24,6 млрд теңгені, оның ішінде негізгі қарыз сомасы 20,3 млрд теңге, өсімпұл 4,3 млрд теңгені құраған.

"Арнайы комиссиялар негізгі салық сомасын төлеген жеке тұлғаларға 2020 жылдың 27 тамызынан бастап өсімпұлдарды есептен шығаруға кірісті. 2020 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша 720 419 жеке тұлға 10,2 млрд.теңге сомасында салықтың негізгі қарызын төледі. 1,2 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Салықтық рақымшылық жүргізу мерзімі - 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады, – дейді мамандар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу