Салық төлеу, оны төлемеуден арзан болуы керек − Айдос Сарым

193

 Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті. 

Салық төлеу, оны төлемеуден арзан болуы керек − Айдос Сарым Фото: primeminister.kz

Іс-шараға Мәжіліс және мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отырыс барысында жаңа заң жобасының қолданыстағы заңнамадан айырмашылығы мен оның басты мақсаты айтылды.

Салық кодексі − еліміздің экономикалық дамуы үшін ең маңызды заң деу артық айтқанымыз болмас. Бүгін талқыланатын тақырыптың бірнеше басты мәселесіне тоқталып өтсек. Бірінші, салық кодексінің тұрақтылығы. Қазіргі кезге дейін қанша кодекс қабылданып, қаншама өзгеріс енгізілді. Бизнес жұмыс істеудің орнына, тез өзгеретін заңға бейімделумен жүреді. Сондықтан біздің мақсатымыз қайта-қайта өзгеріс енгізілмейтін тұрақты заң қабылдау. Екінші, салық базасын кеңейту. Қазіргі уақытта елімізде 2 миллионға жуық шағын және орта бизнес субъектілері бар. Жаңа салық кәсіпкерлерді ашық жұмыс істеуге және салық төлеуге итермелеуі қажет. Заңдағы басты ой  салық төлеу, оны төлемеуден арзан болуы керек, – деді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым.

Ал жаңа салық кодексі бойынша жұмыс тобының жетекшісі  Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев заң жобасын талқылау бойынша бүгінге дейін 12 отырыс өткенін атап өтті.

Заң жобасының негізгі бағыттары Мәжілісте 17 қыркүйек күні таныстырылды. Жаңа жобаның қазіргі қолданыстағы заңнан басты айырмашылығы  салықтық әкімшілендіруге баса назар аудару. Заң жобасын қарастыру үшін Мәжілісте жұмыс тобы құрылды, оның құрамына депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілі, "Атамекен" ҰКП және қоғамдық бірлестік өкілдері, сарапшылар кірді. Жұмыс тобының отырыстарына кем дегенде 150, орта есеппен 230 адам қатысады. Бүгінге дейін жұмыс тобының 12 отырысы өтті, – деді Берік Бейсенғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу