Салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 5 жылға сотталды

676

Ол қылмыстық әрекеттер нәтижесінде бюджетке 1 млрд  635 млн теңге материалдық залал келтірген.  

Салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 5 жылға сотталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бірқатар компанияның басшысына қатысты салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Тергеу амалдары барысында бұл тұлғаның салық есептілігіне тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы жалған ақпаратты енгізу арқылы құрылыс-монтаждау қызметтерін көрсеткені анықталған. 

Осылайша, ол салық салу объектілерін және басқа төлемдерді жасырып, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы бірқатар ұйым атынан бюджетке салық төлеуден жалтарған.

"Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде  бюджетке өтелмеген салықтар және міндетті төлемдер түрінде  мемлекетке 1 млрд  635 млн теңге сомасына материалдық залал келтірілді",  деп жазылған хабарламада. 

Сот үкіміне сәйкес күдікті ҚР Қылмыстық кодекстің 245 - бабы 3-тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты болып танылды. Оған 3 жылға мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ басқа ұйымдарда лауазымдарды қызмет атқару құқығынан айырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу