Салық төлеуден жалтарған қазақстандыққа іздеу жариялады

780

Ресей Федерациясы салық төлеуден жалтарған Қазақстан азаматына іздеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Салық төлеуден жалтарған қазақстандыққа іздеу жариялады

Polisia.kz мәліметінше, биыл 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне РФ Алтай өлкесі бойынша сот приставы федералдық қызметінен 5 мың рубль (33 мың 704 теңге, 1 рубль - 6,74 теңге) мөлшерінде жер салығын төлемеген 69 жастағы Қазақстан азаматына іздеу жариялау туралы хат түсті. 

"Көші-қон қызметі қызметкерлері салық төлемеген әйелдің Павлодар қаласында тұрып жатқанын анықтады. Олар мәліметтерді құзырлы органдарға жіберді", - деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері ШҚО-да полицейлер осындай 60-қа жуық азаматты анықтаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу