Салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңарту керек

763

Егер 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартпаса, фискалдық деректер операторлары ондай бақылау-касса машиналарына техникалық қолдау көрсетпейді. 

Салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңарту керек

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі осылай хабарлады.

2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібіне (Салық кодексінің 166-бабына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Осыған байланысты, "Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша" жұмыс тобы шеңберінде бақылау-касса машиналарының әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп бақылау-касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру бойынша оператордың серверіне деректерді берудің бірыңғай хаттамасы жаңартылып, бекітілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу