Көрсетілген күнге дейін төмендегі нысандар бойынша есеп тапсыру міндеті туындайды:
101.03-нысан – Төлем көзінен резиденттің табысынан ұсталған КТС бойынша есеп (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін);
200.00-нысан – Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін);
300.00-нысан – Қосылған құн салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
400.00, 421.00-нысандар – Акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер үшін есеп (2025 жылғы желтоқсан үшін);
701.01-нысан – Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін);
710.00-нысан – Ойын бизнесі салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін);
860.00-нысан – Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін);
870.00-нысан – Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін);
880.00-нысан – Цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін);
910.00-нысан – Шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация (2025 жылдың 2-жартыжылдығы үшін);
913.00-нысан – Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін).
Сонымен қатар 20 ақпаннан кешіктірілмей келесі нысандар ұсынылуы тиіс:
328.00-нысан – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
851.00-нысан – Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдердің ағымдағы сомаларының есебі;
Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі 2026 жылдың 25 ақпанынан кешіктірілмеуі тиіс.
Толығырақ ақпарат – 1414/3 нөміріне немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасы бойынша ала аласыз.