Салық түсімдері бір жылда 31%-ға артқан

879

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,8%-ға орындалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,8%-ға немесе 1 трлн 776 млрд теңгеге өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Салық түсімдері бір жылда 31%-ға артқан

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, республикалық бюджет 100,4%-ға орындалып (жоспар бойынша 4 трлн 899 млрд теңге, жоспардан 21,6 млрд теңгеге ауытқумен 4 трлн 921 млрд теңге түсті), өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға немесе 1 трлн 319,2 млрд теңгеге артқан.

Жергілікті бюджет 110,7% орындалып (жоспар бойынша 2 364,8 млрд теңге, жоспардан 253 млрд теңгеге ауытқумен 2 трлн 618 млрд теңге түсті), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға немесе 456,5 млрд теңгеге өскен.

"2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке ең көп түсімдердің өсуі мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж салығынан 352,5 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, корпоративті табыс салығы 390,8 млрд теңгеге немесе 44,9%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 171,5 млрд теңгеге немесе 36,6%-ға, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 105,2 млрд теңгеге немесе 22,7%-ға және пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салық 103,7 млрд теңгеге немесе 46,8%-ға өскені байқалады", – деп жазылған хабарламада.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер еткен: Биыл 9 айда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуі байқалды: мұнай 64,5%-ға, мыс 57,3%-ға, алюминий 44,2%-ға, мырыш 34,0%-ға, күміс 33,8%-ға, қорғасын 19,7%-ға және алтын 3,8%-ға. Доллар бағамы 1 теңгеге 3,9%-ға артты. Мұнайға салынатын әкету кедендік баж салығы 24,3%-ға өсті (2020 жылғы 9 айда 1 тоннаға орташа мөлшерлемесі – 37,2$, 2021 жылғы 9 айда 1 тоннаға – 61,5$)

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте үшінші елдермен тауар айналымы 8,2%-ға артты (экспорт 18,2%-ға өсті, импорт 9,3%-ға төмендеді).

Биыл 9 айда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 28,7%-ға өсті (63 917 млрд теңгеден 82 293 млрд теңгеге дейін).

Қосылған құн салығы түсімінің 40%-ын құрайтын ірі салық төлеушілердің тауар айналымы 18,4%-ға көтерілді.

Көрсетілген кезеңге бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машинасынан орташа түсімі 11,8%-ға артты (33,4 млн теңгеден 37,4 млн теңгеге дейін).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу