Салық заңнамасына түзету енгізіледі

926

Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің отырысында таныстырылған жаңа жағдайда шағын және орта бизнесті қосымша қолдау шарасы 500 мыңдай жалдамалы жұмыскерді ресми жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 

Салық заңнамасына түзету енгізіледі

Бұл туралы премьер-министрі Асқар Мамин бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа тапсырма бергенде айтты, деп хабарлайды Inbusiness. kz.

"Ұсынылған өзгерістер 500 мыңдай жалдамалы жұмыскерді ресми жұмыспен қамтуға, еңбекақы төлеу қорының жүктемесін азайтуға, салық міндеттемелерін орындау тәртібін жеңілдетуге және ел экономикасына жаңа инвестиция тартуға мүмкіндік береді", – деді Асқар Мамин. 

Осыдан соң үкімет басшысы бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа тапсырма берді. 

"Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, салық заңнамасына енгізілетін қажетті түзетулерді биылдан қалмай іске асыру үшін осы жылғы 1 наурызға дейін әзірлеуді тапсырамын. Әлихан Асханұлы, бақылау және үйлестіру сізге жүктеледі", – деді үкімет басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу